12.09.2024
Аталған фестивальді өткізудің мақсаты тіл мәдениетін қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастықты, бірлікті, жастардың төзімділік дүниетанымын, еліміздің мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу, Қазақстанда тұратын басқа халықтардың өкілдеріне, олардың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға баулу болып табылады. Онкүндіктің маңызды міндеттерінің бірі оқушыларды мемлекеттік тілді меңгеруге баулу, сонымен қатар ағылшын, орыс тілдеріне деген қызығушылықты дамыту болып табылады.
Тілдер фестивалі мектепте 2024 жылдың 5-16 қыркүйегі аралығында өтеді.