"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА МАКИНКА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

04.11.2020
Бұл туралы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты қосымша карантиндік шектеулер енгізілгендігі жайлы өткен брифингте облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  
 
Бүгінгі күні облыста 3 805 зертханалық расталған COVID-19 жағдайы тіркелген. Соның ішінде 1 659 белгілері бар, 2 146 симптомсыз вирусты тасымалдаушылар. Ауру жұқтырғандардың 92% -ы ересектер, 8% -ын 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр.  
 
Соңғы екі аптада жұқтырғандар санының көрсеткіштерін салыстырғанда Ақмола облысында 2,2 есе және Көкшетау қаласында 3,5 есе өскені тіркелген. Бұл әсіресе тұрғындар мен бизнес-қауымдастықтың санитарлық қызмет талаптарын сақтамауына байланысты болып отыр. 
 
Осыған байланысты Ақмола облысының аумағында кешкі 21: 00-ден таңғы 6: 00-ге дейін тұрғындардың жүруіне шектеу енгізілді. 
 
Сондай-ақ, 7 қараша сағат 00: 00-ден бастап Көкшетау қаласының әкімдігі облыстық полиция департаментімен бірге Көкшетау қаласының карантиндік аймағының периметрін, кіру / шығу нүктелерін анықтай отырып, санитарлық посттар орнатады. 
 
Бұл азаматтардың денсаулығының жай-күйін анықтаудың арқасында карантин режимін бұзушыларды, науқас адамдарды және байланыс жасайтын адамдарды анықтауға мүмкіндік берері анық. 
 
Жалпы алғанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне бір уақытта 30 келушіні қабылдауға жол беріледі. 30 орыннан аз объектілер - үстелдер арасындағы қашықтықты кемінде 2 метр және келушілер арасында кемінде 1 метр сақтау керек.  Тамақтандыру объектілерінің жұмыс уақыты шектеулі, жұмыс күндері сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін. Ал салтанатты, отбасылық, мерейтойлық, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салу әлі де сақталады.
Просмотров: 423


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст