Текст
Коронавирустық инфекция бойынша жағдайға байланысты таралудың алдын алу, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету және оқушылардың, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің денсаулығын сақтау мақсатында мынадай алдын алу шараларын сақтау қажет:
1. Вирустық ауру белгілері бар балаларға, мұғалімдерге, жұмысшыларға мектепке кіру рұқсат етілмейді.
2. Дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тазалау жүргізіледі, кварцтау, сыныптарды желдету, жеке гигиенаны сақтау, қолды залалсыздандыру құралмен өңдеу, қоғамдық орындарда кемінде бір метр қашықтықты сақтау, маска режимін сақтау.