Біздің қарттарымыз – біздің байлығымыз. Менің ойымша,бұл өте дұрыс және мағынасы мол сөз. Ардагер аталарымыздың ерен еңбектерінің арқасында біз бейбіт аспан астында өмір сүреміз. Сол үшін оларды бағалап ,кұрметтеуміз керек.
Қарттардың құрметіне күнтізбемізде атаулы күннің болғаны өте дұрыс. Бірақ ,мереке екен деп, қарттарға бір күн ғана көмектесіп,артынан ұмытып кетуге болмайды. Оларға әрқашан да көмек қолын созуғадайын болуымыз керек. Себебі ,қарттар көмекке мұқтаж.Бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлап, ізеттілік танытуға ,ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымызды сақтау керекпіз.
Осы тақырыпты қозғағандықтан , мен өз імнің әжем туралы да аз-маз тоқтала кеткім келеді.
Менің әжем Наталья қарапайым отбасында тәрбиеленген. Ол бала кезінең бастап қызықты да қиын мамандықтарды игеруді армандады. Бой жеткен кезде оның арманы орындалды. Ол өзі қалаған «Инженер-технолог» мамандығын меңгерді. Оқуды тәмамдаған соң әжем осы мамандық боыйнша 20 жыл бойы жұмыс істеді .Қазіргі уақытта ол зейнеткер. Соныман қатар, ол әлемдегі ең мейірімді әже. Мектеп табалдырығын аатағанымда менің мемлекеттік тілді үйренуге деген құштарлығымды көріп,қазақ сыныбына жетелеп алып барған да осы әжем болатын. Енді, жоғары оқу орнының журналистика факультетіне оқуға түсу жайлы ойымды да қолдап отыр. Міне менің әжем осындай. Мен оны жақсы көремін және шексіз құрметтеймін!
11-сынып оқушысы Виктория Стоматова