Текст
Биыл біздің мектебіміздің түлегі Горн Владимир ҚР ҚМ Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусына оқуға түсті. АӘжТД мұғалімі Абжанов Н.Д. өзі қолдап, дайындаған оқушысына барып, қал-жағдайын білді. Владимирге әскери оқуы өте ұнайды. Кадет корпусының ұландары мемлекет есебінен тегін оқиды. Шәкіртақысы да бар. Болашақ Отан қорғаушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу үшін барлық жағдай жасалған. Владимирмен 10 жыл мерзімге шарт жасасқан. Яғни 2 жыл Кадет корпусында оқып, одан кейін жолдамамен жіберген жерде әскери қызметте еңбектенетін болады. Оқушымызға сабағын жақсы оқып, биіктерден көріне берсін деп тілейміз.