"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА МАКИНКА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің 2019-2020 оқу жылында жүргізген жұмыстарының есебі

21.09.2020

«Өзін-өзі тану» пәні адами асыл қасиеттерге жетелейтін, оқушылардың таным деңгейіне әсерлі ықпал ететін, адамның қымбат та, жұмбақ та сырлы нәрсесі – ішкі рухани дүниесін байытатын аса құнды дүние екендігі баршамызға мәлім. Қазіргідей алмағайып кезеңде өзін-өзі тану пәні жас ұрпақты адамгершілік құндылықтарға, адами қасиеттерге тәрбиелейтін бірден-бір пән болып отыр. Осыған орай өзін-өзі тану пәні ұстаздарына артылар жүктің жеңіл еместігі белгілі. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін ұстаздардың алдында рухани дүниесі бай, өмірде кездесетін әр қилы жағдайларға байыппен, сабырмен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу деген үлкен ұлағатты міндет тұр. Өзін-өзі тану пәнінің әр сабағы оқушы үшін ғибратқа, өнегеге толы болары сөзсіз. Бұл пән мектептегі басқа пәндермен біріге отырып, жұмыстар жүргізгенде оның тиімділігі жоғары болатынын уақыт дәлелдеп отыр.

Қазіргі таңда оқу, білім алу адамзатқа осы өмірде барлық жауапкершілікті сезінуге септігін тигізіп отыр. Қоғам қарқынды дамыған сайын адам баласына деген тәрбиенің мақсаты мен міндеті жаңаратыны мәлім. Ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала бойына рухани -адамгершілік құндылықтарды: мейірімділікті, қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, махаббатты, сұлулықты, бақытты бағалай білуді бойына сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі.

«Өзін-өзі тану» пәні – қазіргі қоғамда өте керекті пән. Атынан көрініп тұрғандай, адам өзгені тану үшін алдымен өзін танып білуі шарт. Біздің негізгі бағытымыз осы болмақ.

Оқулықта берілген халқымыздың аңыз-әңгімесі, ертегісі, мақал-мәтелі, нақыл сөздері, ұлылардың ұлағаты, ақын-жазушыларымыздың шығармаларындағы тәрбие қаймағы рухани құндылықтарымыздың мөлдір бұлағы іспетті.

Бұл пән адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт ұстайды. Әрбір жеке тұлға, жеке адамзат өмірінің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Осыған орай әрбір сабақ баланы өзінше ойлауға, шешім шығаруға, өз ісіне жауапты болуға баулиды.

Жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болуына да себепші нағыз ұстаз.

Әр адам өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді. Адам жағымды қасиеттерін ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін-өзі тәрбиелейді. Өз бетімен танып білуге құштарлану, талпыну, іздену адам көркі мен мінезін шынықтырып, шындайды. Өмірдегі әртүрлі жағдайлардағы қиындықтарға қарамай мақсатқа жетуге ұмтылдырып, талпындырады. «Өзін-өзі тану» пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелей отырып, осы қоғамда өзіндік «менін» табуға жетелейтін пән.

 

2019-2020 оқу жылы Макин орта мектебінде өткен өзін-өзі тану пән бірлестігінің отырысынан басталды. Онда 2018-2019 оқу жылында жүргізілген жұмыстары қорытындыланып, 2019-2020 оқу жылының негізгі міндеттері мен атқарылатын жұмыстар төңірегінде мәселе қозғалды.

Қыркүйек айында өзін-өзі тану пән бірлестігінің отырысы өткізіліп, жылдық жоспар таныстырылды. Жылдық жоспарға сәйкес белгіленген жұмыстарға жауапты мұғалімдер бекітіліп берілді.

Өзін-өзі тану пән бірлестігінің 2019-2020 оқу жылында басшылыққа алатын тақырыбы: «Өзін –өзі тану» пәні арқылы оқушыларды адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеу» болатын. І жарты жылдықта ауданда өзін-өзі тану пәні бойынша өткізілген іс-шаралардың барлығына пән мұғалімдері қатысып отырды.

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу- біздің алдымыздағы ең басты міндет. Міне, осындай басты міндеттеріміздің бірі – жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани-адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан-дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін-өзі дамуына жол көрсету. Осы орайда, тәжірибе алмасу мақсатында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері бір-бірінің сабақтарына қатысып, пікір алмасып отырды.

 

Жыл сайын осы бағдарламаның авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күнінің қарсаңындағы дәстүрлі онкүндік білім айлығына тұспа-тұс келді. Ақпанның 3 – 12 аралығында өзін – өзі тану пәні мұғалімдері «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндікті жоспарлап өз деңгейінде өткізе білді.

Онкүндікті өткізудегі басты мақсат:оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды дамыту, ұл-қыздарымызды жеке өзі және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге, шығармашылыққа баулу болатын. 3.02.20ж барлық сыныптардың қатысуымен онкүндіктің ашылуы өткізіліп, өзін-өзі тану пәні бірлестігінің жетекшісі Даулетбаева Г.Ж, және мұғалімдер Ботаева А.Н, Канафина С.К оқушыларға онкүндіктің тақырыбын, мақсатын хабарлады.

 

Макин орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты арнайы стенд ұйымдастырылды, және өзін-өзі тану пәнінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиында барлық сынып оқушылары мен мұғалімдер мектеп бойынша өткізілетін дәстүрлі онкүндігіне арналған іс-шара жоспарымен танысты.

3.02.2020жылы өзін-өзі тану пән мұғалімі Канафина С.К

11 «Б» сыныпта «Планета наш общий дом» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ өз деңгейінде жүргізілді және сабаққа мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері қатысты .

Өзін-өзі тану : «Махаббат пен Шығармашылық» онкүндігі аясында Макин орта мектебінде апта бойы, оқушылыр арасында шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

4.02-5.02 күндер аралығында бастауыш сынып оқушылары «Мейірімділік-асыл қасиет» атты көрмеге өз қолдарымен жасаған суреттерін, кітапшаларын, аппликацияларын орналастырды. Сонымен қатар, 5-8 сынып оқушылары «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты қабырға газеттерінің сайысына қатысып, мектеп оқушыларын және мұғалімдерді шығармашылық жұмыстарымен таныстырды.

7.02. 20ж төртінші сынып оқушылары арасында «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбына эссе жазу сайысы өткізілді. Сонымен қатар, 10.02.20ж 9-11 сынып оқушылары арасында шығарма сайысы ұйымдастырылды , шығарма тақырыбы: «Сүйіспеншілікпен өмір сүру». Барлық оқушылар белсене қатысып, шығармашылық жұмыстарын тапсырды. Бастауыш сынып оқушылары үшін ұзіліс уақытында өзін-өзі тану пән мұғалімдері мейірімділік туралы мультфильмдер ұйымдастырылды.

«Өзін-өзі тану Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында 5.02.20ж өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ботаева А.Н 6«Б» сынып оқушыларымен «Дружба в классе» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Ал 11.02.20ж 5 «А» сыныбында өзін-өзі тану пәні мұғалімі Даулетбаева Г.Ж «Адами-қарым-қатынастар әлемі» атты тақырыбына ашық сабақ көрсетті. Аталған сабақтардың мақсаты оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу . Ашық сабақтарда тыныштық сәті, мұғалімнің сыйы, жұптық және топтық жұмыстар, топпен ән айту, пікір алмасу т.б жұмыстар көрсетілді.

12.02.2020жылы Макин орта мектебінде «Махаббат-өмір негізі» тақырыбына жалпы республикалық ашық сабақтар ұйымдастырылды. Барлық сынып оқушылары аталған сабаққа қатысты. Сабақ екі тілде өтті. Сабақтың мақсаты: Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиет екенін түсіндіру. Жас ұрпақтың бойына жастайынан ізгілік, мейрімділік, қайрымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде ананың атқарар рөлі өте зор екенін жеткізуі болды .

Сабақтарда ана туралы әңгімелер оқылып және сүйіспеншілік, сұлулық, мейірімділік, жомарттық сияқты рухани қасиеттерді баланың бойына дамытатын ана екеніне түсінік берілді.

Өткізілген ашық сабақтарда оқушыларға Сара Алпысқызының еңбек жолы мен қызметтері бейнеленген слайдтар көрсетілді, және оқушылар «Өзін-өзі тану» бағдарламаның авторы туралы өте көп мәлімет алды. Сонымен қатар, әр сыныпта шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, ана туралы әндер орындалды. Сүйіспеншілік сабағы өз деңгейінде өткізілді. Онкүндіктің қорытындысы шығарылып, салтанатты түрде бесенділік танытқан оқушылар марапатталды.

Қорыта айтқанда, әр адам өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді. Сондықтан өзін-өзі тану пәнінің баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейтін қоғамда өзіндік мәні бар пән екенін естен шығармауымыз керек.

 


 

Өзін- өзі тану мұғалімдерінің бірлестігінің әдіскері:

Г.Ж Даулетбаева


 

Просмотров: 646


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст