Жиналыста мектеп директоры Т.С. Рахимжанов және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.К. Канафина ата аналарды 2024 -2025 оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптармен таныстырып , міндетті мектеп формасына қойылған талаптарды орындауға шақырды, сонымен қатар діни киімдер немесе мектеп формасына сәйкес келметін киімдерді киюге тиім салынғанын атап өтті және жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын өткізді. Атап айтсақ: жолда жүру ережесі, мопед пен скутерге қойылатын талаптар, судағы қауіпсіздік, орманда өзін-өзі ұстау, үйде өзін-өзі ұстау(терезе,сіріңке), жануарлар мен жәндіктердің шағуынан сақтану ережесі, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік ережелері. Жиналыс барысында ата-аналар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, толық жауап алды.