21.08.2020
20- тамызында еліміз бойынша жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында мектептер ата-аналар жиналысын өткізді.
🗓Онлайн жиын барысында сынып жетекшілер оқушыларының ата-аналарына қазіргі эпидемиологиялық жағдайда мектептің қандай оқыту форматын таңдағанын түсіндірді.
🗓Сондай-ақ бүгін балалары қашықтан оқитын ата-аналар үшін білім беру платформаларының мүмкіндіктері көрсетілді.
Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігі қандай да бір білім беру интернет-платформасын таңдауға қатысты шешім қабылдамайды. Әрбір мектеп қашықтан оқытуды ұйымдастыруға негіз болатын интернет-платформаны өзі таңдайды.