10.08.2020
Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, гуманист, философ, композитор, аудармашы, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. ҚР-ның Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы номер 495 қаулысымен 10 тамыз Абай күні деп белгіленді.
Абай – қазақ поэзиясының тәңірі, құдіретті ақыны, қуатты таланты.
Абай атамыздың шығармашылығы – даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі. Абай – қазақтың, адамзаттың ұлы. Абай – қайта тумас бір әлем. Абай әлемінде қазақ халқының болмысы, жан азабы мен ой тереңдігі жатыр. Абай халықтан сарқылмас нәр алды. Ал халқы Абайдан өзінің биік тұлғасын көрді. Оған қарап ой түзеді, оған қарап бой түзеді. Халық пен Абайдың тұтастығы мәңгілік. «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деп ақынның өзі айтып кеткендей, Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен, нақыл сөздерімен де бізбен жасасып келеді.
Алдағы уақытта 10 тамыз - Абай күні болып мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізіледі. Абайға қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді, себебі қазақты қамшылаған хәкім Абай құрметке әбден лайық.
#Абайкүні10тамыз
#175жыл