05.06.2024
Бүгінгі күн Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналды. Аға тәлімгер А.Д. Амангелді "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні" тақырыбында танымдық викторина өткізді. Оның мақсаты оқушылардың Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін тереңдету болып табылады. Викторина әнұранды орындаудан және осы тақырып бойынша бейнероликті көруден басталды. Балалар шығармашылықпен де жұмыс істеді.
Попова Л.А. балалармен "Достық бәрінен қымбат" ойынын өткізді.
Түстен кейін П.Беженхан балалармен "Қызықты математика" ойынын өткізді.
Ойыннан кейін балалар көңілді би кешін өткізді. Балалар ән айтып, би биледі.