Биыл міне, 2020 жылдың соңғы қоңырауы да соғылды. Қоңыраудың сылдырлаған үні жас түлектерді сәтті сапарларына шығарып салып барады. Бұл - қызығы мен қиыншылығын бірге арқалаған мектептің мерекесі. Жас түлектердің алаңсыз өткізген балалық шақтары, әліппеден бастап білім нәрін сіңіріп келе жақан ұстаздардың шәкірттерімен қоштасу мерекесі.
Тағы бір оқу жылы аяқталып, 2020 жылдың тарихына жазылып барады. Біздің алтын шаңырағымыз «Макин орта мектебі» ММ түлектері бүгінгі салтанатты жиында бойларындағы балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқалы тұр. Бүгінгі күн мектеппен қоштасу күні.
«Макин орта мектебі» ММ тарихында 79-ы орыс сынып түлектері мен 2-і қазақ сынып түлектері ыстық ұяларымен қоштасты. Бұл мектеп үшін үлкен мәртебе, зор бақыт.
Соңғы қоңырау ҚР-ның әнұраны мен жүргізушілердің құттықтау сөзінен басталды. Макинка ауылдық округінің бас маманы - Езов Денис Александрович пен мектеп директорының м.а. Рахимжанов Толыбай Сапарович биылғы жылдың жас түлектеріне деген жылы лебіздерін білдірді.
Биылғы жылы 8 – оқушы жас түлек атанды. Соңғы қоңырау салтанаты жас түлектерге аттестат табыстау рәсімімен жалғасты. Соның ішінде алғырлығымен көзге түсіп, оқудағы озаттылығы үшін 11-сыныптың түлетері Крамаренко Татьяна алтын төс белгімен және 50 мың теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды, ал Шишкин Иванға үздік аттестат пен 30 мың теңге көлемінде сертификат табысталды.
Жас түлектерді ата – аналары, сынып жетекшілері құттықтап жас түлектерге деген жақсы тілектер мен ізгі ниеттер айтылып жатты.
Енді міне, жас түлек ата-ана, ұстаздарың мен мектебіңнің үмітін ақтар шаққа да жеттің. Алда күтіп тұрған биік белестер мен асқар асулардын сүрінбей өтіп, армандаған оқу орындарына түсуге шын ниетпен тілектеспіз.
Сәт сапар саған, жас түлек!
11 "А"- сынып жетекшісі Салық Мендігүл Маратқызы