Әлемді індет жайлап, селт еткізді,
Бар адамның тыныштығын кеткізді.
Жұмыспенен уақыттары болмаған,
Отбасымен әр күндерін өткізді.
Өршіп тұр ғой күннен-күнге бұл індет
Бірге болып, үйде отыру бір міндет.
«Сақтанғанды сақтар деген» асыл сөз,
Уақытша ғой, көзін жояр, бұл індет.
Қажет дейміз ақ халатты дәрігер,
Кішіменен үлкенге де, кәріге.
Қиын дертке шалдыққан әр адамның,
Сақтауменен өмірлерін әбігер.
Ұстаздар да еңбектеніп, оқытты
Қашықтықтан білім нәрін тоқытты.
Күні бойы ғаламторға үңіліп,
Түсіндіріп әрбір пәнді оқытты.
Таң атқаннан сабақтарын өткізіп,
Түске дейін Күнделікті толтырып,
Жоспар жазып, тапсырмалар құрайды,
Түн ауғанша компьютерде отырып.
Ата-ана, ұстаздар боп бәріміз,
Қиындыққа қарсы төтеп тұрармыз.
Ешқашан да еңсемізді түсірмей,
Білім жолын үздіксіз біз қуармыз.
Мен де ұстазбын, ұстаз болу-бір арман
Ол арманым - шәкірттерден құралған.
Мен де ұстазбын, ұстаз болу- бір ерлік
Ол ерлігім-жетістіктен құралған.
Кездесейік амандықта бәріміз,
Нұрын төксін әрбір атқан таңымыз.
Татулық пен бірлік болып әлемде,
Қуанышқа күнде толсын жанымыз.
Авторы: қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Абжанова М.С.