Іс-шара бағдарламасына: Жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайына экскурсия, концерттік бағдарлама, «Жастарды казіргі жағдайда әскери –патриоттық тәрбиелеу» тақырыбында дөңгелек үстел, интернационалист жауынгерлермен кездесу кірді. Бүгінгі кешіміздің қонақтары интернационалист жауынгерлері: Біржан сал ауданының Ауған соғысы ардагерлері қоғамының төрағасы- Шаужанов Қази Пазылұлы, Темиртасов Қаир Қасенұлы , Сейтжанов Жақсылық Рамазанұлы , Досымбеков Марат Нуркенұлы, Махамбетов Амангелді Өмірсерікұлы , Копенов Ризабек Сейілбекұлы , Блялов Қанат Көпейұлы қатысты.
Музейге экскурсиядан кейін қонақтар концертке қатысып, мектеп оқушылары дайындаған ән, би, өлең оқу, презентацияларын тамашалады . Оқушылар жауынгер-интернационалистермен сұхбаттасу жүргізді. Біржан сал ауданының Ауған соғысы ардагерлері қоғамының төрағасы Шаужанов Қази Пазылұлы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Р. Қасымовтың атынан АӘТД мұғалімі Абжанов Ниязбек Даулбаевичке «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына» байланысты төсбелгімен марапаттады. Сонымен қатар, «Жас сарбаз» ӘПК мүшелері Молчанов Анатолийге, Мельникова Ольгаға, Молчанов Артёмге, Эсмурзиева Надеждаға, Андреев Максимге Біржан сал ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына, Халық қаһарманы Р. Қошқарбаевтың және Кеңес Одағының батыры Ә. Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойларына орай өткізілген аудандық әскери патриоттық жиында жүлделі 2 орын иемденгендері үшін мадақтама мен сыйлықтар табыстады.
Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері -Толегенова Гульдем Жуматаевна қонақтарды мерекелерімен құттықтап, ризашылығын білдірді. Кеш соңында аудандық әскери -патриоттық клубтарына қатысқандары үшін сертификаттар, интернационалист жауынгерлерімізге алғыс хаттар мен шағын естеліктер сыйға тартылды. Кездесу жоғары деңгейді өтті, жас ұрпақ үшін бұл шара тәрбиелік мәні зор болып табылады.