Текст
Оқушыларға мектеп директоры сөз сөйлеп алдағы тоқсанға сәттілік тіледі. 5-7 қаңтар күні Біржан сал ауданынада өткізілген қазақ күресінен 2008-2009 ж.т кіші жасөспірімдер арасындағы «Жас барыс» республикалық турниріне облыстық іріктеу жарысында +75 келі салмақ дәрежесінде І орын алған үшін Ержанұлы Ерасыл, 75 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын алған Уланов Расул марапатталды. Мектептің осы оқушылары наурыз айында өтетін республикалық турнирге жолдама алды. Қазақтың ұлттық ойындары, оның ішінде қазақ күресі де қазақ халқымен бірге ғасырдан-ғасырға мəңгі жасай бермек! Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!