03.04.2020
Биылғы жылдың 3 сәуірінде watsapp, zoom желілері арқылы "Мен қашықтықтан қалай оқимын және вирустық аурулардан қалай қорғануға болады" тақырыптарында қашықтықтан сынып сағаттары өткізілді. Сабаққа 256 оқушыдан 239 оқушы қатысты. Қалған оқушылардың ғаламтор желісіне кіретін мүмкіндіктері болмады. Сынып сағаты барысында оқушыларға арналған жадынамалар оқылып, ватсап желісі арқылы таратылды. Оқушылар қашықтықтан оқыту бойынша және вирустан қалай қорғану керектігі бойынша ойларымен бөлісті. Қазіргі таңда ҚР-нда қанша адам тіркелгендігі, қанша адам айыққандығы туралы мәліметтермен таныс екендігін айтып, жаңалықтарды күнделікті қарап жүретіндерін көрсетті.
"Мектепте білім алғанға ештеңе жетпейді, дегенмен бүгінгі күні сақтанып, үйде отырып, оқимыз", дейді 10-сынып оқушыла