Ол біздің ата -бабамыздың тарихы. Қазақ жері- ұшса қыран қанаты талатын байтақ жер. Ұлы дала жерінде түрлі тарихи кезеңде мекен еткен тайпалар мен олар құрған мемлекеттері қазақ тарихының ажырамас бөлшегі болып табылады. Тәуке хан «Жеті Жарғысымен» заңды қадағалады, Абылай хан халқын біріктірді, жырауларымыз шындықты, елдікті жырлап халықтың жағында болды. Қайсар халқымыз тіпті Ұлы Отан соғысына да қаймықпай төтеп берді, ал 1991 жылы желтоқсанда жастардың ел қамын ойлаған өр дауыстары таңдай қақтырды. Бүгінде Қазақстан - Тәуелсіз, зайырлы, бейбіт, мәңгілік ел. Еліміздің сан ғасырлар бойы артта қалған тарихы да, мәдениеті де, рухы да мына болашақ жастардың қолында, соған орай мектебімізде «Ұлы дала тарихы» бұрышы жасалды. Оған хандар, билер, батырлар, Алаш қайраткерлерінің портреттері орналастырылды. Оның ерекшелігі оқушылар QR -код арқылы өздеріне керекті ақпараттар алады. Осындай керемет дүниені жасаған көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Г.В.Усанина мен В.И. Дзирукке алғыс айтамыз.