30.10.2023ж №362 Бұйрық негізінде Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2023 жылғы 26 қазандағы №632/15-11-04 хатының негізінде 2023 жылғы 20-ші қарашадан бастап ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған негізгі білім алатын пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші (бастапқы) кезеңі өткізілетінін хабарлады. Бүгін, қараша айының 20-шы жұлдызында «Макинка а. ЖОББМ» КММ аталған бұйрық бойынша «Ауыл» олимпиадасының ашылуы салтанатты түрде өткізілді. Сап түзеуде ҚР Гимні айтылды. Ауылдық әкімшілігінен бас маман С. В. Федоренко қатысып, оқушыларымызға олимпиаданың басталуы сәтті өтуін, оқушыларымыз жеңістерге жетіп, өз білімдерін көрсетуіне сәттілік тіледі. Біздің мектептен 9-11 сыныптардан «Ауыл» олимпиадасына 27 оқушы қатысады. Оқушыларымыз бастапқы кезеңнен сәтті өтуге тілектеспіз!