Текст
"Макинка а. ЖОББМ" КММ 2023 жылы қазанның 11-і мемлекеттік және орыс тілдерінде білім алатын 4-ші, 9-ші сынып оқушыларына мектептерді мемлекеттік аттестаттау бойынша тестілеу өткізілді. Барлығы- 47 оқушы қатысты, оның ішінде мемлекеттік тілде оқитын-18, орыс тілінде оқитын-29. 4-ші сыныптарда келесі пәндерден тестілеу алынды: математика, орыс тілінде оқитын сыныпта орыс тілі, қазақ тілінде оқитын сыныпта қазақ тілі. 9-ші сыныптарда келесі пәндер бойынша тестілеу алынды: алгебра, орыс тілінде оқитын сыныпта орыс тілі, қазақ тілінде оқитын сыныпта қазақ тілі. Таңдау пәндері-химия және әдебиет. Оқушылар тестілеуден сәтті өтті.