орай Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің «Макинка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің базасында инклюзивті білім беруді қолдау кабинетін ашу салтанаты өткізілді.
Инклюзивті білім беру-бұл жалпы білім берудің дамыту процесі, барлық балалардың әртүрлі қажеттіліктеріне бейімделуіне қарамастан, ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың диагнозына қарамастан мектепте оқуға мүмкүндігі бар.
Мектеп әкімшілігі тарапынан бірінші қабатта орналасқан жалпы ауданы 49 м² құрайтын кабинетті анықтады. Аталған кабинетте жұмыс жүргізу үшін, кабинетті барлық керек жабдықтармен қамтамасыз еткен. Кабинет мамандары - арнайы педагог, логопед-мұғалім; педагог-психолог ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен психологиялық-педагогикалық түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастырады.
Мектеп оқушылары енді оқу үдерісінен шықпай-ақ өз қажеттіліктеріне сәйкес көмек ала алады.