Қазіргі заманда біздің салт – санамызға жат нәрселер етек алып келеді. Солардың бірі қарттар үйінің көбеюі. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей үлкендерді сыйлап құрметтеген халықпыз. Қазіргі кезде немерелеріне ертегі айтар әжелер мен балаларына өсиет айтар аталарымыз жоқтың қасы. Сол мақсатпен 3 «А» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Накенова Гүлсім Сатбекқызы Макин ауылындағы «Мейірім» қызмет көрсету орталығына бардық. Бұл өткізілген іс – шараның негізгі мақсаты оқушылардың үлкенге құрмет көрсетуге баулу негізделді. Оқушылар шағын концерттік бағдарлама қойып , қарт ата–әжелерімізбен сұхбаттасып , сырласып қайттық. Оқушылар қарттар үйінің ғимаратында орналасқан кітапханаға, музейге, көрмеге, психологиялық жеңілдету кабинеттерді аралап өздеріне жақсы бір әсер алды. Ондағы қызметкерлер өте жақсы мейірімді жандар екеніне тағы бір куә болдық. Оқушыларды жақсы шыраймен қарсы алып өз мейірімдерін көрсетті. Ондағы қарияларымыз бір отбасы тектес өте тату -тәтті өмір сүріп жатыр. Өткізілген іс – шараға қарттарымыз ризашылықтарын білдіріп , алғыстарын айтып , батасын берді. Оқушылар да ерекше әсермен қайтып, көп дүниені түйсінді. Балалармен алған әсерлерін бөліскенде , мұндай істер ерекше мейірімділікке сыйластыққа үйретеді екен. «Мейірім» арнаулы қызмет көрсету орталығының басшысы Қожахмет Амангелді Қосманұлына және ұйым қызметкерлеріне оқушылар атынан алғысымызды білдіреміз.
Сынып жетекшісі : Накенова Г.С.