"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА МАКИНКА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігінің аяқталуы»

13.02.2020

12.02.2020жылы Макин орта мектебінде «Махаббат-өмір негізі» тақырыбына жалпы республикалық ашық сабақтар ұйымдастырылды. Барлық  сынып оқушылары аталған сабаққа қатысты. Сабақ екі тілде өтті. Сабақтың мақсаты: Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиет екенін түсіндіру. Жас ұрпақтың бойына жастайынан ізгілік, мейрімділік, қайрымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде ананың атқарар рөлі өте зор екенін жеткізуі болды .

Сабақтарда ана туралы әңгімелер оқылып және сүйіспеншілік, сұлулық, мейірімділік, жомарттық сияқты рухани қасиеттерді  баланың бойына дамытатын  ана екеніне түсінік берілді.

Өткізілген ашық сабақтарда оқушыларға Сара Алпысқызының    еңбек жолы мен қызметтері бейнеленген слайдтар көрсетілді, және  оқушылар «Өзін-өзі тану» бағдарламаның авторы туралы өте көп мәлімет алды. Сонымен қатар,  әр сыныпта шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, ана туралы әндер орындалды. Сүйіспеншілік сабағы  өз деңгейінде өткізілді. Онкүндіктің қорытындысы  шығарылып, салтанатты түрде бесенділік танытқан оқушылар марапатталды.

 

Просмотров: 545


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст