"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА МАКИНКА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу туралы

12.02.2020

Жұқпалы аурулардың өсуіне байланысты, Макинка орта мектебінде келесі іс-шаралар өткізілді.

 1) балалардың, жасөспірімдердің және қызметкерлердің қатысуының күн сайынғы болмау себебін анықтау мониторингін жүргізу және медициналық ұйымдар мен аумақтық бөлімшелерді ауру жағдайлары туралы хабардар ету;

2) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінде топтық оқшаулауды сақтай отырып, жіті респираторлық ауру белгілері бар оқушылар мен педагогтардың сабақтарына жол бермеу үшін әр ауысым алдында таңертеңгі сүзгі ұйымдастыру және өткізу;

3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру объектілерінде, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында, интернаттық ұйымдарды, пансионаттарды, паналарды сұрау, сыртқы тексеру, көрсеткіштер бойынша – термометрия жүргізе отырып, балалар мен жасөспірімдердің әрбір ауысымын сабақ басталғанға дейін күн сайын сүзгіні ұйымдастыру; ТАРВЖ  мен тұмауға болжаммен балаларды уақтылы анықтау үшін әрбір қабаттағы немесе сыныптағы санитариялық бекеттердің жұмысын ұйымдастыру;

4) таңертеңгі сүзгі кезінде анықталған ТАРВЖ және тұмау белгілері бар балаларды (қызметкерлерді) сабақтан (жұмыстан) уақтылы шеттетуді ұйымдастыру, учаскелік дәрігерді үйге шақыру үшін медициналық пунктке немесе үйге жіберу;

         5) тиісті күтімді қамтамасыз ете отырып, ата-аналар келгенге дейін бір күн ішінде ауырған балаларды изоляторға ауыстыруды ұйымдастыру;

      6) балаларды шұғыл жағдайларда медициналық ұйымдарға жатқызу;

      7) + 18-ден + 23 °С дейінгі үй-жайларда температуралық режимді қамтамасыз ету;

      8) ерекше бейіндегі үй-жайларды қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалану;

      9) оқу кабинеттерінде балаларды желдетілетін үй-жайдан шығару кезінде үзіліс ұзақтығын 10 минуттан 15 минутқа дейін арттыра отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда желдету режимін күшейту;

      10) санитариялық тораптарды сұйық сабынмен, бір рет қолданылатын сүлгілермен (майлықтармен) қамтамасыз ету;

      11) пайдаланылған маскалар мен майлықтарды жинау үшін педальмен жабдықталған қоқыс жәшіктерін орнату;

      12) оқушылармен жеке гигиена ережелерін сақтау және ТАРВЖ мен тұмаудың алдын алу мәселелері бойынша тақырыптық диктанттар өткізу;

       13) ТАРВЖ мен тұмаумен сырқаттанушылық өршу кезеңінде бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын өткізуді шектеу.

Просмотров: 561


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст