Текст
Макин орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы » атты онкүндігі жалғасуда...7.02. 20ж төртінші сынып оқушылары арасында «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбына эссе жазу сайысы өткізілді. Сонымен қатар, 10.02.20ж 9-11 сынып оқушылары арасында шығарма сайысы ұйымдастырылды , шығарма тақырыбы: «Сүйіспеншілікпен өмір сүру». Барлық оқушылар белсене қатысып, шығармашылық жұмыстарын тапсырды. Бастауыш сынып оқушылары үшін ұзіліс уақытында өзін-өзі тану пән мұғалімдері мейірімділік туралы мультфильмдер ұйымдастыруда.
Мектеп кітапханасында кітапханашы Казыбаева Г.К «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С.А Назарбаеваның қызметі туралы көрме ұйымдастырып, оқушыларға таныстырып өтті.