«Түлек 2023-жаңа Қазақстанның ертеңі» атты соңғы қоңырау салтанаты болып өтті. Мектеп – мол қазынасы мөлдіреген, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһардай баға жетпес «білім» байлығын алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя. 2022-2023 оқу жылында мектебімізде 254 оқушы білім алса, оның ішінде 10 оқушы мектеп қабырғасымен қоштасты.
Іс- шара барысында Біржан сал аудандық әкімі Есжанов Б.Д құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітірушілерге білімді, биік парасатты және еліміздің үлгілі азаматы болып өсуін тіледі. Мектебіміздің ең мықты спортшыларымыз 11 сынып оқушылары Карцев Илья, Скорняков Виктор мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтар марапатталды.
Сонымен қатар, мектеп басшысы, ардагер ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектерге өздерінің ізгі лебіздерін білдірді. Жылдың қорытындысы саналатын бұл керемет іс-шара оқушыларымыздың өнерлерімен жалғасты.