Текст
учаскелік инспектор полиция капитаны М. А. Садуов 5-9 сынып оқушыларымен ҚР заңнамалық актілерінде бекітілген Кәмелетке толмағандардың құқықтары туралы айтып берді, сондай-ақ оқушыларға олардың міндеттері мен кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілігі туралы еске салды. Әңгіме барысында учаскелік инспектор оқушылар арасындағы буллиг мәселесі туралы айтып, оқушыларға қоғамдық орындардағы қауіпсіз мінез-құлық туралы және стандартты емес жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін, мопедпен жүру ережелерін еске салды. Кездесу барысында балалар инспекторды үлкен ынтамен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.