Қазақстан халқының бірлігі мен достығы мерекесі қарсаңында біздің жерлесіміз атақты спортшы Макиров Талғат Қалиоллаұлының құрметіне Біржан сал мектеп оқушылары арасында Қазақ күресінен "Мектеп Барысы" аудандық турнирі өтті.
Турнирдің басты мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық салт-дәстүрлердің, ұлттық ойындардың мән-мағынасын, дәрежесін көтеру; Салауатты өмір салтын қалыптастыру, қазақ күресін кеңінен насихаттау. Ел тарихында, ауыл тарихында игі із қалдырған жерлестерімізді құрметтеу, еске алу.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақтың ұлттық спорт түрлерін лайықты жоғары деңгейде көрсету керек»,- деген үлкен мақсат қойды, сондықтан біздің әрқайсымыздың міндетіміз – қазақ спортының дамуына өз үлесімізді қосу, және жастар арасында ұлттық осы спорт түріне қызығушылықтарын арттыру.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне спортшы Макиров Талғат Қалиоллаұлының жақын туыстары және Талғат батырымыздың кезінде бірге спорт жолында жүрген жолдастары қатысты.
Турнирге ауданнан 8 мектеп қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша «Мектеп Барысы» турнирінде жалпы есеп бойынша жүлделі
1-орын ие болған келесі оқушылар:
26 кг Арсег Мәди,35 кг Дуппер Богдан,50 кг Маратұлы Саян,60 кг Ұланов Расул
Жарысқа қатысып, қолдау көрсеткен ауылымыздың ел азаматтарына, жергілікті әкімшілікке, аудан мектептерінен келген жаттықтырушыларға, ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Турнир өткізуде қолдау көрсеткен азаматтар аудандық білім бөлімінің басшысы А.Ақшалованың атынан дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздарды жеңістермен құттықтаймыз!