Текст
Макин орта мектебінде 13-24 қаңтар аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша онкүндік өтті. Онкүндік барысында мен 5 «А»-сынып оқушыларымен әдебиет пәнінен Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» мысалы бойынша ашық сабақ өткіздім. Сабақта оқушылар мысалды талдап, Т кестесін толтырып, мысал кейіпкерлері бойынша тұжырымдама кестесін толтырып, өз ойларымен бөлісті. Әртүрлі тапсырмалар орындалып, оқушылардың белсенділігі көрінді.