Табысты елдің бірі болу үшін, ең бірінші шарты – Еріктілер болуы керек.
Бүгін Қазақстанда жастардың арасында еріктілер қозғалысы өте белсенді дамып келеді. Оның ең маңызды себебі - еріктілік және ерікті таңдауы. Ал құзыреттілікті қалыптастыру үшін тек адам құндылықтармен бірлікте ғана мүмкін, яғни адамның осы іс – әрекеттегі терең жеке мүдделілігі. Еріктілер клуб құру идеясы осыдан он жыл бұрын көтерілген және сол кезде «Еңбек десанты» атты қозғалысы қайта жаңғырған. Осыған байланысты оқушылардың жаңа бірлестігін құру қажеттілігі пайда болды.Біздің еріктілер қозғалысының миссиясы – қоғамды адамгершілік жағынан сауықтыру, айналадағы өмірді жарқын ету. Бірақ біз түсінеміз, адамды салауатты, үйлесімді өмір сүруге мәжбүр ету мүмкін емес. Сонымен қатар біз оған өз өміріміз үшін жауапкершілікті сезінуге және оны таңдау жағдайына қоюға көмектесе аламыз және оның әлеуметтік құзыретін қалыптастырамыз. Ең бастысы бұл жерде белсенді өмірлік ұстаным, жауапкершілік және жоғары мақсат - осы әлемді жақсыға өзгертуге ниет.
Сондықтан 2018 жылы қараша айында біздің мектепте « Мейірімді жүрек» атты еріктілер клубы құрылды қазіргі уақытта он бес оқушы қатысады.
Клубтың құрамына 9- 10 сынып ерікті оқушылары кіреді. Жыл сайын олардың саны көбейіп келеді. Осы клубтың көшбасшысы 10 «Б» сынып оқушысы, мектеп Ұланбасы БЖҚБ « Жас Ұлан» Қасымов Абылай. Бүкіл оқушылар тек өз қалауы бойынша еріктілер болады. Клубтың ұраны « Біз біргеміз, біз мықтымыз, жеңілмейміз». Еріктілік адамгершілік тәрбиесінің функциясын атқарады, жастар ортасында азаматтық, қайырымдылық сияқты маңызды құндылықтардың жаңғыруы, әділдік сезімі, адамсүйгіштік, ізгілік сияқты қасиеттерін дамытады. Клубтың жұмысы құрылған жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бүкіл өмір сүру бағыттары қарастырылған, олар - салауатты өмір салты, еркімен әрекет арқылы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын ала жою, бос уақытты жоспарлау, қоғамға, мектепке, туған ауылға пайдалы іс- әрекет жасау. Сонымен қатар қарттарға,ардагерлерге, көпбалалы отбасыларына, өмір сүру жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсету т.б. жұмыстар ұйымдастырылады.
Жаңа жылдың алдында мектеп еріктілері зейнеткер Демидко Валентина Ивановнаға көмек көрсетті, ол ауылдың шетінде тұрғандықтан үйдің қасы қармен басылып қалған, оқушылар қарды тазалап және әлеуметтік желісін
«Instagram» баптап берді. Еріктілердін назарынан тыс қалмайтын тағы бір қария ол соғыс ардагері Скарюкина Нина Емельяновна. Жыл бойы еріктілер қарияға көмек жасайды, әр түрлі шараларына шақыртады «Кәрілер күніне» , « Жеңіс күніне» т.б. «Мейірімді жүрек» Еріктілер клубы өз жұмысын жыл бойы атқарады. Біздің қызметіміздің тарихы және жалғасы болады деп үміттенеміз.
Бірақ ең бастысы марапаттар мен атақтар емес, моральдық қанағат беретін адамдарға көмек, өйткені ол адамдарға қуаныш сыйлайтын адамның өзін- өзі тануға мүмкіндік береді және біздің әлемде мейірімділік жасауға көмектеседі.
2020 жылы Қазақстанда еріктілер жылы болып жарияланды, сондықтан біздің клубтың еріктілерін жаңа жылда жаңа жұмыстар, табыстар күтіп тұр. Оларға табыс, жетістік, сәттілік тілейік.