Текст
Степняк қаласының Спорт кешені базасында «Жастар – 2020» аудандық қазақ күресі ұлттық спорт түрінен жарысы өтті. Жарысқа қатысқан 8 команданың ішінен мектебіміз жалпыкомандалық 2-орынға ие болды. Мектептің намысын қорғағандар: 6-сынып оқушысы Кенжебек Р. – 3-орын, 9-сынып оқушысы Юлиих Д. – 3-орын, 9-сынып оқушысы Лазарев О. – 3-орын, 4-сынып оқушысы Сабитов Ж. – 3-орын, 4-сынып оқушысы Маратұлы С. – 3-орын, 11-сынып оқушысы Горн В. – 3-орын, 6-сынып оқушысы Батов Максим – 3-орын, 10-сынып оқушысы Қасымов А. - 2-орын, 7-сынып оқушысы Мұғалім Н. – 3- орын, 4-сынып оқушысы Ұланов Р. 2-орын алды. Жетекшісі – Хуаныш А.
Жігіттерімізді жеңіспен құттықтаймыз және алдағы уақытта сәттілік тілейміз!