Текст
Сынып үш командаға бөлінді. Барлық конкурстар қызықты өтті, оқушылар ұсынылған барлық тапсырмаларды белсенді орындады. Балалар өздерін ұйымдасқан түрде ұстады, тапсырмаларды мұқият тыңдады, іс-шара барысында қызығушылық танытты. Іс-шара соңында қазылар алқасы нәтижелерін жариялап жеңімпаздарды атап өтті және ойынға белсенді қатысқаны үшін барлық оқушыларды мақтады. Жүлделі орындар үшін командаларға грамоталар табыс етілді.