Текст
Оқу жылының басынан мектебімізде «Оқуға құштар мектеп » жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаның мақсаты-мектепте оқушылардың оқуға деген қажеттілігін , оқу белсенділігін дамытуға , соның нәтижесінде өскелең ұрпақтың бойында жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарды ықпал ететін мәдени ортаны қалыптастыру. Бірінші тоқсанның соңында 5-7 сыныптардың оқушыларына эссе және 8-11сыныптардың оқушыларына шығармалар жазу тапсырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша сап түзеу кезінде келесі оқушылар мадақтамамен марапатталды: 5 «А» сынып оқушысы Белеш Інжу, 6 «А» сынып оқушысы Кушербаева Айдана, 7 «А» сынып оқушысы Нұғман Камила, 8 «А» сынып оқушысы Маратұлы Саян, 9 «А» сынып оқушысы Абжанова Меруерт.