02.12.2019
«Макин орта мектебі» ММ-нде «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Онда мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Мектеп директоры Т. С. Рахимжанов жасқыраншыларға тілек сөз айтып,, барлықтарын келе жатқан мерекелермен құттықтады. Содан соң "Жас Ұлан" БЖҰ-ның анты айтылып, жас қыраншылардың кеуделеріне "Жас Қыран" төс белгілері қадап берілді. Кейін "Жас Қыран" БЖҰ құрамына кіретін оқушылар жасұландықтардың Әнұранын орындады.
Жас Қыран қатарына 14 оқушы қабылданды.
Салтанатты жиында Ұланбасыны сайлау нәтижелері және байқаудың жеңімпазы жарияланды. Дауыс беру нәтижесі бойынша көшбасшы – ҚАСЫМОВ АБЫЛАЙ анықталды. Оған 43 сайлаушы дауыс берді – 68,3 %. Жасанова Раббия үшін – 20 сайлаушы (31,7 %). Дауыс беруге 25 мұғалім мен 38 оқушы қатысты.
Абылай Ерланұлын "Жас Ұлан" Ұланбасы лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз және Абылайға ерекше сенім білдіреміз. Жаңа бағытта оқуда табыс және жемісті жұмыс тілейміз.