16.11.2022
Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сайысқа 2-топ қатысты.
Сайыс 5 турдан тұрды.
1-тур. Таныстыру
2-тур. Бәйге (әр оқушыға жеке 10 сұрақ).
3-тур. Ғажайып алаңы
4-тур. Кім жылдам?
5-тур. Жауабын тап (математикалық сұрақтар) .
Сайыс қорытындысы бойынша 8"а" сынып оқушылары Маратұлы Саян, Жұмақан Аяулым, Қалымтаев Марат 1- ші орынға ие болса, 2-ші орынды 9"а" сынып оқушылары Жасанов Бақберген, Амангелді Санжар, Сморгун Анна иеленді. Оқушылар арнайы сыйлық және мақтау қағазымен марапатталды.