Мерекеге Біржан сал ауданы бойынша балаларға мейірімі төккен, өз қамқорлығына алып, бауыр басқан қамқоршылар шақырылды. Іс - шараның негізгі мақсаты: баланы өз отбасына тәрбиелеуге алған қамқоршыларымызға алғыс білдіру; жетім және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарының қорғау; құттықтау. Алғашқы кіріспе сөзі мектеп директоры Рахимжанов Толыбай Сапарұлына берілді. Өз сөзінде Толыбай Сапарұлы бұл мерекенің мақсаты мен маңыздылығы туралы айтып, қонақтармен таныстырды. Содан кейін жиналған қонақтарды құттықтап, азаматтық белсенділік пен жауапкершілік, мейірімділік танытқандары үшін қамқоршыларға өзінің үлкен алғысын білдірді.Мерекелік іс-шараға Біржан сал аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Ақшалова Ақкенже Төлеубайқызы мерекемен құттықтап, қамқоршыларға аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстап, әрбір қатысушыға алғысын білдірді. Содан соң қатысушылар балалардың өнерлерін тамашалады.