Солардың бірі қарттар үйінің көбеюі. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей үлкендерді сыйлап құрметтеген халықпыз. Қазіргі кезде немерелеріне ертегі айтар әжелер мен балаларына өсиет айтар аталарымыз жоқтың қасы. Сол мақсатпен 8 «Б»,6 «А», 3 «Б», сынып оқушылары және сынып жетекшісі Садриева В.Д., қуыршақ театырының жетекшілірі Маукишева Р.О., Максимова А.Г., 13.10.2022 ж. күні Макинка ауылындағы «Мейірім» қызмет көрсету орталығына барды. Бұл өткізілген іс – шараның негізгі мақсаты: оқушылардың үлкенге құрмет көрсетуге баулу негізделді. Оқушылар шағын концерттік бағдарлама қойып, сонымен қатар шағын ертегілерден шағын қойылым көрсетті. Ондағы қызметкерлер өте жақсы мейірімді жандар екеніне тағы бір куә болдық. Оқушыларды жақсы шыраймен қарсы алып ,өз мейірімдерін көрсетті. Ондағы қарияларымыз бір отбасы тектес өте тату -тәтті өмір сүріп жатыр. Өткізілген іс – шараға қарттарымыз ризашылықтарын білдіріп , алғыстарын айтып , батасын берді. Оқушылар да ерекше әсермен қайтып, көп дүниені түсінді. Балалармен алған әсерлерін бөліскенде , мұндай істер ерекше мейірімділікке сыйластыққа үйретеді екен. Іс-шара тәтті,дәмді дастарқанмен аяқталды.