Орыс тілінде оқытылатын 2-4-сыныптарындағы
«Күз аруы – 2019»
Күз! Керемет сөз! Одан нәзіктік және қайғы әуені сезіледі. Бұл жылдың ең әдемі уақыты. Ашық аспан көгілдір болып керемет түске енеді, ауа-райының құбылуымен өрістер мен бақтардың жомарттығы үшін, ормандардың әдемілігі үшін, алтын және қызыл бояумен боялған күзді жақсы көреміз. Жерге түскен жапырақтар бейне бір билеген қыз секілді әдемі көрініс табады. Қазан айының 14-25 күндері мектеп фойесінде күз тақырыбына арналған қолдан жасалған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды.
Күздің өзіне тән керемет құбылыстарын көрсету мақсатында ұйымдастырылатын «Күзгі балдың» да өткізілуі тегін емес. 24 қазан күні «Макин орта мектебі» ММ-нің акт залында 2-4-орыс тілінде оқытылатын сыныптарда «Күзгі бал» мерекесі өтті.
Мерекеде 2-4-сынып қыздарының арасында байқау бағдарламасы ұйымдастырылды. Қыздар түрлі байқауларда «Күз аруы – 2019» атағына күресті. Қалған оқушылар ән айтып, би биледі, көрініс қойды. Көрермендермен де қызықты ойындар жүргізілді: «Жұмбақты тап», «Жапырақ», т.б. Бұл ойындардың және байқаулардың барлығы мерекелік атмосфера құрып, жақсы көңіл күй сыйлады, балалар өз таланттарымен жиналған қауымды тәнті етті.
Мерекеде әр қатысушы жақсы көңіл күй алды. Бағдарлама қорытындысы: жеңімпаз және «Күз аруы - 2019» атағына 2-сынып оқушысы Усанина Александра ие болып, мадақтамамен марапатталды, ал қалған қатысушылар өз номинацияларының жеңімпазы атанды.
Мереке барлығына ұнады: қатысушыларға да, көрермендерге де!