23.10.2019 ж Макин орта мектебінде бастауыш қазақ сыныптар арасында «Күз ханшайымы -2019 » байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты : Оқушыларға күз мезгілінің ерекшеліктері туралы айтып түсіндіре отырып , оқушыларға керемет көңіл күй сыйлау.Әр оқушының бойындағы қасиеттерін қалыптастыра отырып, сахнаға бейімдеу. Бұл сайыста 6 оқушы бақ сынасты. Сайыс барысында ханшайымдар төмендегі кезеңдерден өтті:
1- бөлім : «Тегімді менің сұрасаң» (Өзін – өзі таныстыру)
2- бөлім : «Өнерлі бала – елдің көркі» (Өз өнерлерін көрсету)
3- бөлім «Асхана ханшайымы» ( үйге тапсырма )
4- бөлім «Сұлулық сыры » ( Күзгі сән үлгісі)
Оқушылар әр түрлі бейне роликтер көрсетіп, әр түрлі қызықты өз ойларынан дүниелер жасап сайыстың көркін қыздыра түсті. «Сұлулық сыры» күзгі сән үлгісін көрсету барысында ханшайымдар күзгі көйлектер жасап көздің жауын алардай әдемі сән үлгісін көрсетті. «Асхана ханшайымы» кезеңінде қатысушылар әр түрлі жеміс -жидектерден, көкөністерден түрлі дәмді салаттар жасап , жеміс – жидектермен әшекейленген торт жасап әкелді.Осы сайыста ерекшелігімен көзге түскен 3 «А» сынып оқушысы Кенесбаева Амира «Күз ханшайымы -2019» бас жүлдесін иеленсе, 2 «А» сынып оқушысы Макенова Аяулым 1- ші орынға ие болды.Оқушыларға тәттілер үлестіріліп , мақтау қағаздарымен марапатталып. Сайысты ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімі Г.С Накенова .