Мектепте ұлттық ойындар бойынша жарыс өтті
Сары сағыныштың символына айналған күз мезгілінің қазан айының 22-жұлдызында мектебімізде Біржан сал ауданының мектеп оқушыларының арасында ұлттық ойындар (асық ату, тоғыз құмалақ) бойынша аймақтық жарыстар өтті. Жарыс салтанатты түрде ашылып, 4 «А» сынып оқушылары Аманжүр Ерсұлтан мен Жиенбай Іңкәрдің орындауындағы «Туған жердей жер болмас» әнімен жалғасты. Директордың міндетін атқарушы Т.С.Рахимжанов спорт сүюші қауымға сәттілік, жеңіс тілеп, жарыс бағдарламасымен таныстыру үшін сөз кезегін бас төреші О.А.Даренскаяға берді.
«Асық ату» бойынша жарысты Хуаныш Асылмұрат, «Тоғыз құмалақ» бойынша жарысты Усанин И.Н. өткізді.
«Асық ату» бойынша қорытынды:
І орын «Макин орта мектебі» ММ
ІІ орын Макпал мектебі
ІІІ орын Қоғам мектебі
«Тоғыз құмалақ» ойыны бойынша біздің мектеп 5, 6-орындарды иемденді.