"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА МАКИНКА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мейірімді жүрек»

24.10.2019

Қамқоршылар күніне арналған «Мейірімді жүрек» мерекесі

22 қазан – мейірімділік пен нәзіктікке толы күн болды. Себебі  қазан айының 22-жұлдызында біз басқалардың тағдырына алаңдаушылықпен қарайтын, бір-біріне шын жүректен махаббат, нәзіктік сыйлап, қамқорлық жасай алатын – біздің қамқоршыларымыз – Ачилова Лидия Михайловна (Частилов Вячеслав пен Сергейдің қамқоршысы) мен Горн Ирина Викторовнаны (Габченко Виктор, Роман, Александр) құттықтадық. Іс-шара бағдарламасында шағын концерт пен шағын дастарқан ұйымдастырылды. Концерт барысында 3-сыныптың ұлдары «Бабушки-старушки» көңілді әжелер биін билеп, 5-сынып оқушысы Хафизова Алина «Надо жить веселее» әнін, 6-сынып қыздары өлеңдерін айтып, жиналған қауымға жақсы көңіл күй сыйлады. Директордың міндетін атқарушы Рахимжанов Т.С. қамқоршыларға отбасы тәрбиесін дамытуда мейірімділік, азаматтық белсенділік  пен жауапкершілік, қайырымдылық  танытқандары үшін өзінің үлкен алғысын білдірді. Л.Михайловна мен И.Викторовнаға зор денсаулық, таусылмас қуат, амандық, ұхақ ғұмыр, өздеріне және жақындарына бақыт тілеп, алғыс хатпен марапаттады. Концерттік бағдарламадан соң ұйымдастырылған шағын дастарқанда қамқоршылар мен балалар, әкімшілік отбасы құндылықтары жайлы, өмірде болған қызықты оқиғалар жайлы айтып, сырларымен бөлісті.

Просмотров: 567


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст