020708, Макинка ауылы, Чкалов көшесі, 65, тел./факс: 8 (71639) 2-81- 44, E-mail: Makinsh@yandex.kz
«Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің Макинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " КММ - бос жұмыс орнына конкурс жариялайды: Ағылшын тілі мұғалімі-жүктеме 12 сағат қазақ тілінде оқытатын, информатика мұғалімі - 7,5 сағат қазақ тілінде оқытатын , математика мұғалімі – 10 сағат орыс тілінде, көркемдік жетекшісі-0,5 мөлшерлемесі, музыка мұғалімі - 4 сағат; Қойылатын талаптар Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес;
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 19 тамызынан
Қатысуға ниет білдірген тұлғалар міндетті түрде келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде ұсынады:
1) осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);