«Мектептің таза ауласы» экологиялық науқан
Егер әр адам бала кезінен қоршаған ортаны, туған өлкесінің табиғатын, өзінің кішкентай отанын сақтап, оған қамқорлық жасап үйренсе, экологиялық жағдай әлдеқайда жақсарар еді.
Біздің мектепте барлығымыздың күшімізбен тазалықты сақтау – дәстүрге айналды. «Мектептің таза ауласы» науқанына 5-11-сынып оқушылары, сынып жетекшілер мен мұғалімдер, мектеп қызметкерлері қатысты. Науқанның басты мақсаты – мектеп ауласын таза, әдемі және жайлы қылу. Барлық сыныптар тырнауыштармен, сыпырғыштармен қаруланып, ауланы тазалауға шықты. Тазалық барысында бізде қоршаған табиғатқа деген жауапкершілік қалыптасты, срнымен қатар ұжымдық жұмыстың элементі болды. Тәртіп адамда ғана емес, оның айналасында да болуы керек. Сондықтан да осындай тазалық жұмыстары қажет. Жұмыс барысында біз мектеп ауласын жинастырып қана қоймай, күзгі пейзажды тамашаладық, сыныптастармен бейресми жағдайда әңгімелестік. Біз сапалы түрде мектеп ауласын жинастырып, ауыл тұрғындарына үлгі көрсеттік.
Жұмысымызды аяқтаған соң, еңбегіміздің нәтижесін бірден көрдік – мектеп маңайы таза әрі жайлы болды.