Текст
«Шеберлер қаласы» байқауы бойынша
2019 жылы 10 қазан күні Көкшетау қаласында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» облыстық өлкетанушылық сәндік-қолданбалы шығармашылығының көрмесі өтті. Аталған байқауда бақтарын сынаған Біржан сал ауданының «Макин орта мектебі» ММ-нің 9-сынып оқушылары Новикова Юлия Витальевна мен Бейсенова Дина Серикбаевна сертификатпен марапатталса, Казыбаев Ораз Еркенович жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.Сертификатпен және power pank құралымен марапатталды. Жетекшісі – Дзирук Владимир Ильич. Барлық аудан тұрғындарын атаулы жеңіспен құттықтаймыз!