Текст
«Қазақ күресі» секциясының жұмысы
Қазақ күресінің ұлттық маңызын дәрістеу және оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Макин орта мектебі» ММ де үшінші жыл Қазақ күресі секциясы өзінің жұмысын жүргізуде, секция жетекшісі денешынықтыру пәнінің мұғалімі Хуаныш Асылмұрат. Мектеп оқушыларының қатысу қызығушылығы өте жоғары, бүгінгі күні секцияға 26 оқушы қатысады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қараша айында қазақ күресінен мектепішілік «Мектеп Барысы» турнирін өткізу жоспарланып отыр.