Өткізілген экосағат туралы есеп
2019 жылдың 3 қазанында еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Республикалық экологиялық сағат» акциясы өтті. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты табиғи ресурстарды сақтауға шақыру.
Акция аясында «Макин орта мектебі» ММ-нде танымдық-дамытушылық сабақтар өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға Жердің жағдайы туралы ақпарат беріліп, арқылы табиғаттың экологиялық жағдайына теріс әсер ететін факторлары жайлы слайдттар, бейнебаяндар көрселтілді.Мұғалімдер мен оқушылар экологиялық мәселелірді (ауаны, суды, ормандарды ластау) талқылады. Оқушылар табиғатты қорғау үшін не істей алатындары туралы ойларымен бөлісті. Сабақтың соңында білім алушылар қоршаған ортаны қалай сақтап қалуға болатындығы туралы жаднама жасады. Экологиялық сағаттан соңа оқушылар орман қорықшыларымен бірлесіп мектептің алдына қайың ағашының 12 талын отырғызды.