Текст
Бүгін Біржан сал аудандық Мәдениет үйінде тілдер онкүндігінің жабылуына орай өзге ұлт өкілдері арасында «Сәлем саған, туған жер» атты байқау өтті. Біздің мектептен 10 «А»-сынып оқушысы Стаматова Виктория қатысып, «Алтын бесік» және «Новый день» әндерін нақышына келтіріп, ұлттық киімде орындап берді. Байқау нәтижесінде КММ музыкалық жетекшісінен кейінгі, жүлделі 2-орынды иемденді. Викторияны құттықтай отырып, әлі де алда болатын сайыстарға өзімнің жетекшілігіммен қатысатынымызды айта кетуге болады.
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Абжанова М.С.