20.09.2019
18.09.2019 ж. «Макин орта мектебі» ММ-нде «Жас құтқарушылар» үйірмесі ашылды. Үйірменің ашылуына Макинка ауылының Өрт бөліміні жетекшісі Бапишев С.Р. пен Көкшетау қ-ның «Азаматтық қорғаныстың жоғарғы көп салалы колледжінің» 4-курс студенті, мектебіміздің түлегі Андриянов А. белсене қатысты. Бұл үйірме 8-сынып оқушыларына арналып ұйымдастырылған, жетекшісі – Абжанов Н.Д.
«Жас құтқарушы» үйірмесінің мақсаттары мен міндеттері:
Аталмыш үйірменің мақсаты:
- Жасөспірімдердің өзара көмек қағидасына, адам мен табиғатқа деген махаббатына, жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне негізделген әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру;
- Тұлғаның жан-жақты және сауатты дамуы, физикалық және рухани сау адамды тәрбиелеу, логикалық және экономикалық ойлауды қалыптастыру.
Үйірменің негізгі міндеттері:
- Жасөспірімдерді жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне жұмылдыру;
- Өзіне және өзара көмек көрсету практикалық дағдыларына, кез келген төтенше жағдайда шебер әлі тез әрекет жасауға үйрету;
- Жеке және ұжымдық қорғау құралдарын қолдану дағдысы мен шеберлікке үйрету
- Жасөспірімдердің физикалық дайындығын жақсарту және оларды салауатты өмір салтына шақыру;
- Балалардың, жасөспірімдер мен жастардың отандық құқық нормаларымен анықталған құқығын қорғау және насихаттау;
- Төтенше жағдайда салауатты өмір салтын сақтау дағдыларын қорытындылау бойынша слет, сайыс түріндегі түрлі жаттықтырулар өткізу.