"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА МАКИНКА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті ата-аналар!

16.06.2022

Сізден балаңыздың жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын орындау туралы және келесі нұсқаулықтарды орындауыңызды сұраймыз және ескертеміз. 

Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері:
1)     Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға,олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды,имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге және карантин кезінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауды ескертіңіздер.
2)     Демалыс кезінде су қауіпсіздігін сақтауын қадағалау; жасы кішкене балаларды өздігінен өзенге жібермеу; өзенге шомылғанда терең жерге бармаутуралы ескерту. Жаз айларында адам суға түспейтін жерлерге бармау,терең қара су,Есіл өзен суларына т.б.су қоймаларына, тоғандарына үлкендердің бақылауынсыз суға түспеуге,шомылуға,балық аулауға,су ішінде түрлі қауіпті ойындармен ойнауға,от жағуға,ересек адамның бақылауынсыз отпен ойнауға,көшеде жол ережесін сақтамай жүруге қатаң тыйым салынады
3)     Сіріңке, жарылғыш, от, өрт,газ,электр сымдары мен тоқкөздері және тез жанғыш заттарды, пышақ,үшкір заттарды тағы да басқа денсаулыққа зиян әкелетін заттарды қолдануға болмайтынын ескертіп отыру.
4)    Демалыс мезгілінде кешкі 23.00-ден кейін далада жүрмеуге; жолда, көшеде келе жатқанда бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түспеуге, сөйлесуге болмайтынын ескертіп отыру.
5)     Ауылды мекендерде орналасқан ойын сауықтыру мекемелеріне (кафе,ресторан т.б) мектеп оқушыларының кешкі 22.00-ден кейін ата- анасыз баруға болмайтыны туралы,тыйым салынатынын ескертіп отыру.

6)     Жол және көлік қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау,велосипед тебу кезінде, үлкен жолда, теміржол қауіпсіздігін, жаяу жүргіншілерге арналған жолақ жолмен жүру қажеттігін үнемі ескертіп отыру. 14 жасқа толмаған балаларға велосипедті автомагистраль мен соған тең жолдарда жүргізуге, ал 16 жасқа толмаған балаларға скутерді (мопедті, квадроциклді) жүргізуге тыйым салынады. Қаламыздағы қирап жатқан ғимараттың жанына ойнамауды ескертіңіз.

7)    Теріс діни ағымдар  ықпалына түспеу жолдарының бірі белгісіз сайттарға кірмеу; тегін ұсынған газет,журналдар,кітаптарды бөтен адамдардың қолынан алмау керектігін ескертіп отыру.
8)     Компьютерді, ұялы телефонды, теледидарды пайдаланғанда, теріс ықпалы байқалған сайттар мен ойындарға кіруіне, көруіне тыйым салыңыз.
9)     Жасөспірімдерді дүкендерге спирттік ішімдік,темекі сатып алуға жұмсамаңыз.
10)  Бүгінгі күнде қоғамда адам өміріне қауіп төндіретін, зорлық-зомбылық жағдайлардың ішінде, баланы ұрлау, жәбірлеу жолдары, өзіне қол жұмсау жағдайлары кездеседі. Осы жағдайларды болдырмау үшін қоғам, соның ішінде ата-ана баланың уақытын тиімді ұйымдастыруы қажет. Баланы аялау,жылы сөйлеу,назар аудару, баланың ақылды, ұстамды, мейірімді азамат болып өсуіне көп ықпал етеді.
 
Аталған нұсқаулықтардың орындалуы, талаптардың қатаң сақталу  жауапкершілігі ата-аналарға міндеттеледі. Жазғы демалыс уақытында әр ата-ана өз баласының қауіпсіздігі мен өміріне өздері жауапты.

/public/files/2022/6/16/160622_152804_su.pdf

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст