Текст
17 қыркүйек күні Макинка орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары арасында Тілдер күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылармен "тілдер күні"тақырыбына әңгіме өткізілді. Оқушылар осы тақырыпқа арналған өлеңдер айтты. Бастауыш сынып мұғалімдері Г. В. Гольцер оқушылармен тіл біліміне викторина өткізді,ал Л. А. Попова 3 команда арасында ойын өткізді. Балалар Мемлекеттік рәміздер мен халық ауыз әдебиеті бойынша жарысты. Іс-шара 4 Б сынып оқушылары 3 тілде ән шырқаумен аяқталды.