«Мемлекетіміздің басты байлығы – ұрпақ саулығы» деп Елбасымыз айтқандай, халықтың денсаулығы басты қазынамыз екендігі рас. 09.09.2019 күні «Макин орта мектебі» ММ-нде «Денсаулық фестивалі – 2019» өтті. Аталмыш шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын ұстануға оқушылардың, ата-аналардың назарын аудару.
Күн тәртібіндегі бағдарлама бойынша іс-шарамыз таңғы саптық жиыннан басталды. Саптық жиында мектеп басшысы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Тәрбие ісі жөніндегі диретордың орынбасары Жамалиева А.У. мен денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Усанин И.Н., Даренская О.А., Хуаныш А. «Денсаулық аптасы» акциясының қорытындысын жасап, түрлі сайыстарда жеңімпаз болған оқушыларды мадақтамалармен марапаттады. Кейін 8-сынып қыздарының басқаруымен барлық оқушылар мен мұғалімдер «Арива» флешмобын биледі. Усанин И.Н.-тың басқаруымен «Көңілді жаттығу» орындалды. Содан соң Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері оқушылар арасында түрлі спорт сайыстарын өткізді.