Макин орта мектебінде 2019 жылдың 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік саптық жиын 4-5-сынып оқушыларының орындауындағы «Қазақ биімен» ашылды. 4 жылдай мектепке басшылық жасаған қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Еркибаева Н.О. жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, білім алушылар мен мұғалімдердің жаңа бастамаларына сәттілік тіледі, ауданнан тағайындалған директордың міндетін атқарушы Т.С.Рахимжановпен таныстырып, сөз кезегін берді. Жаңадан келген мектеп директорының міндетін атқарушы Т.С.Рахимжанов жиналған қауымды күздің алғашқы мерекесі – Білім күнімен құттықтап, жұмыстарына, оқуларына сәттілік тіледі.
Жиынға қонақ ретінде Біржан сал ауданының ТКШ бас маманы Абдосов И.М. келіп, ұстаздар қауымын және оқушыларды білім күнімен құттықтап, өзінің жүрекжарды тілектерін айтты.
Әдеттегі дәстүр бойынша 1-сынып оқушылары дайындаған өлеңдерін оқып, әндерін орындады. 11-сынып түлектері 1-сынып оқушыларына дайындаған шағын сыйлықтарын сыйлады. 11-сынып оқушылары ән орындап, өлең оқыды, флешмоб биледі.
Алғашқы қоңырау соғу құқы 11 «б» сынып оқушысы Шишкин Иван мен 1 «а» сынып оқушысы Абдирова Жанарға берілді.
Салтанатты жиыннан кейін барлық оқушылар көтеріңкі көңіл күйде сынып жетекшілерімен бірге өздерінің сыныптарына «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы сабақтарына кірді.
Осылайша Макин ОМ-нде қызықты, танымдық және көңілді түрде Білім күні мерекесі аталып өтті.